🌱 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына байланысты, 2024 жыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Экология жылы болып жарияланды.
🌱 «Парктер шеруі - 2024» табиғатты қорғау акциясы аясында 22 сәуір Ағаш күніне орай Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 🌱 Алакөл филиалының ұйымдастыруымен Екпінді ауылдық округінің Екпінді және Қарлығаш ауылдарының саябақтарына, Екпінді ауылындағы М. Әубәкіров орта мектебіне көгалдандыру жұмыстары жасалып, көшеттер отырғызылды. Іс шараға 54 адам қатысты.